Атаулы әлеуметтік көмек алғандар көп

272

Жетісай ауданында биылғы жылы жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекке жалпы 2 469,104,0 мың теңге қаралған. Нақтырақ айтсақ, республикалық бюджеттен – 1 689,696,0 мың теңге, жергілікті бюджеттен – 959,408,0 мың теңге бөлінген.

Ағымдағы жылдың 11 айында 4184 отбасыға 2 469,104,0 мың теңге және жергілікті бюджеттен 949,408,0 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, төленген. Оның ішінде шартты – 3932 отбасыға немесе 24243 адамға, шартсыз – 252 отбасыға немесе 1119 адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, төленген.

Атаулы әлеуметтік көмекке қол жеткізгендердің басым бөлігі Жетісай қаласы, Қазыбек би, Жаңа ауыл, Ынтымақ, Жылы су, Атамекен, Асык ата, Қызылқұм, Мақталы, Абай, Ж. Ералиев, Ш. Ділдабеков, Қарақай ауыл округтерінің тұрғындары.