Димаш Мәскеудегі «Песня года» фестивалінде өнер көрсетті

105

Қазақ әншісі Димаш Құдайберген Мәскеудегі «Олимпийский» спорт кешенінде өткен «Песня года» фестивалінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Хабар24.

Әнші өзінің инстаграм парақшасында әнші жыл сайын өтетін фестивальдің ақтық кезеңінен видеоүзінді жария етті. Видеоүзіндінің астына әнші «Песня года. Олимпийский. Ресей. Мәскеу» деген жазба қалдырды.

Димаштың Мәскеудегі өнерінің видеоүзінділерін Ютуб арнасынан көруге болады. Әуесқой камерамен түсірілген видеодан Димаштың композитор Игорь Крутоймен сүйемелдеуімен «Любовь уставших лебедей» әнін орындағанын көруге болады.