Мектептердегі сабақ қандай жағдайларда тоқтатылады?

102
Фото elorda.info

Қыс мезгілінде білім беру ұйымдарында қатты аяздарда және жел болғанда сабақ тоқтатылады. Елорда Инфо мектептердегі сабақтың қандай жағдайларда болмайтындығын және сабақтың тоқтатылатындығы жайлы ақпаратты қайдан білуге болатындығын назарларыңызға ұсынады.

​Ауа температурасы 25-29 градус аяз және одан төмен болса немесе желдің жылдамдығы 2-4 м/с асса 0-4 сынып оқушылары үшін сабақ өткі­зілмейді. Ал 30-34 градус аяз және одан төмен болса желдің жылдамдығы 2-4 м/с асқан жағдайда 5-9 сыныптардың сабағы кейінге қалдырылады.

10-11 (12) сынып оқушылары мен колледждердің 1-2 курс студент­теріне аяз 35 гра­дус­қа дейін күшейіп, желдің жылдамдығы 2 м/с асса сабақ тоқтатылады.
Сондай-ақ жел соғып, бұрқасын болғанда көру деңгейінің төмендеуі байқалғанда 0-11 (12) сыныптарда, колледждердің 1-2 курс студенттеріне сабақ болмайды.

Сабақтың тоқтатылатыны туралы ақпаратты 109 (ұялы телефоннан тегін), «Smart Astana» қосымшасында, Астана қаласы Білім басқармасының www.bilim.astana.kz сайты мен әлеуметтік желідегі парақшасында және мектеп әкімшілігінен білуге болады.
Ақпарат бірінші ауысым үшін 6.15-6.30 аралығында таратылса, екінші ауысым үшін 12.15-12.30 кезінде көрсетіледі.