Сарыағаш ауданында бильярд нысандары иелерінен заңсыз өндірілген салықтар қайтарылды

432
Фото cityhunter.kz

Сарыағаш ауданының прокурорлары қадағалау жүргізу барысында бильярд үстелдерін қолданып, ойын бизнесі қызметін көрсететін кәсіпкерлердің құқықтары бұзылғанын анықтады.

Анықталғандай, ауданның салық органдары 6 жылдан астам уақыттан бері ойын бизнесі субъекітілеріне Салық кодексімен бекітілген мөлшерден жоғары салықтарды есептеп, өндіріп отырған.

Бір кәсіпкердің өзінен есептелген салық сомасы 600 мың теңгеден асқан.
Аудан прокуратурасының ұсынысымен заң бұзушылықтар жойылып, заңсыз өндірілген сомалар қайтарылды.

Сонымен қатар, аудан мәслихатына тіркелген салықтың біріңғай мөлшерін бекіту ұсынылды.

Түркістан облысының прокуратурасы