Шымкентте шағын футболдан республикалық турнир өтті

93

Шымкентте Тәуелсіздік күніне орай қала әкімінің кубогы үшін БАҚ өкілдері арасында шағын футболдан «Тәуелсіздік — тірегім» атты республикалық турнир өтті.

Қала әкімінің кубогының жүлде қоры 2 миллион теңгеге жуық деп белгіленді. Айтулы шарада үшін жарыс жолына 13 команда шықты.

Сайысқа Алматы, Қызылорда, Астана қалаларынан командалар арнайы келіп қатысты. Әр команданың жоғары дайындықпен келіпті.

Сайыстың жартылай финалында Алматылық «Аламан» жəне «Апорт» командалары кездесті. Ойын аса тартысты өтті. Ақыры 3-1 есебімен «Аламан» командасы жеңіске жетті. Екінші жартылай финалдық кездесуде қызылордалық «Ақмешіт» және «Хабар» телеарнасының «Астана» командасы кездесіп, 1-5 есебімен хабарлықтардың пайдасына шешілді.

Ақтық сайыста «Аламан» және «Хабар Астана» командалары кездесті. Аса тартысты өткен кездесу 0:1 есебімен «Хабар Астана» командасының қанжығасына байланды. Сонымен, «Хабар Астана» командасы шағын футболдан БАҚ өкілдері арасында Шымкент қаласы әкімінің Кубогы үшін өткен республикалық турнирде жеңіске жетіп, 1 млн теңгені ұтып алды.

Жарыс жеңімпаздарын Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы Мұрат Базарқұлов марапаттады. «Шымкент Ақпарат» ЖШС директоры, «Шымкент келбеті — Панорама Шымкента» газеттерінің бас редакторы Айгүл Қапбарова жекелеген футболшыларды арнайы номинациялармен марапаттады.

Жарыс қорытындысы бойынша Берік Уәли (Жамбыл облысы) «Үздік шабуылшы», Олжас Күлтешов (Алматы облысы) «Үздік ойыншы», Есенжол Елекенов (Орал қаласы) «Үздік қорғаушы», Айдос Манат («Егемен Қазақстан» газеті) «Үздік қақпашы» деп танылып, оларға 25 мың теңге көлемінде қаржылай жүлде берілді.