Танымал театр 10 балалы әйелге баспана кілтін табыстады

465

«Өнер қырандары» әзіл-сықақ театры мен «Харекет» қайырымдылық қоры Түркістан облысы, Атакент кентіндегі көпбалалы отбасыға ерекше тосын сый жасады, деп хабарлайды Elitar.kz.

Мақтарал ауданы, Атакент кентінің тұрғыны Гүлнәр Керімбекова он баланың анасы. Шеттей баламен баспаналы болуды армандаған оған қайырымдылық қорының еріктілері осындай қуаныш сыйлады. Бұл туралы әзіл-сықақ театрының ұжымы INSTAGRAM парақшасында жазды.

«Шымкент қаласындағы кешіміз де ерекше өтті. Осы кеште «Харекет» тобы 50-ші үйдің кілтін он баласы бар анаға табыс етті. Барлығына алғыс айтамыз. Алла разы болсын», – деп жазылған парақшада.

Мұны естіген оқырмандар қайырымды жандардың бұл игі ісіне тәнті болып, алғыстарын жаудырды.

Ақпарат ретінде айтар болсақ, «Харекет» қорының «1000 теңгеге баспана» атты жобасы аясында бұған дейін еліміздің түкпір-түкпіріндегі 49 отбасыға баспана кілті табысталған болатын. Ал 50-ші үй түркістандық он баланың анасына бұйырды.