Жаңа модульдік-медициналық пункттер ашылды

300

Бүгін бір мезетте Тәуелсіздік күні қарсаңында заманауи үлгідегі модульдік медициналық пункттер Ақайдар, Қорған, Әңгір-ата, Төңкеріс елді мекендерінде ашылып, пайдалануға берілді.

Аудан басшысы Б.Омарбеков және аудандық мәслихаттың хатшысы Н.Қойбағаров Ақайдар елді мекеніндегі модульдік медициналық пункттің салтанатты түрде ашылуына қатысты.

Еліміздің Тәуелсіздік мерекесіне орай, емделушілер үшін есігін айқара ашқан модульдік медициналық пункттің жұмысына сәттілік тілеген аудан әкімі барша төлебиліктерді айтулы мерекемен құттықтады.

«Биылғы Елбасымыздың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында елді жаңаша даму деңгейіне көтеру мен жаңа қарқынды құрылымдық реформаларды одан әрі жүзеге асыруға бағыттап отыр. Осының барлығына жан беретін – халық болып табылады. Сондықтан әр адамның өмірі мен денсаулығынан артық құндылық жоқ», – деді Б. Омарбеков.

Әрқайсысының құны 30 млн теңгені құрайтын құрастырмалы-қаңқалы модульдік конструкция әдісімен салынған медициналық пункттер заман талабына сай медициналық құралдармен жабдықталған.

Төлеби ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі