Ұлттық құндылықты ұмытпау үшін…

64

Елбасының мақаласын “Ерлік” музейі де жас буынның санасына сіңіруде. «Ұлы даланың жеті қырында» айтылған әдет-ғұрып және салт-дәстүрге қатысты тармағы орталық директоры Жәнібек Тағаевпен кездесу барысында кеңінен талқыға түсті. Жас толқын ұлттық құндылықтарды ұлықтайтын аға буын өкілдерімен еркін пікір алмасты.

Ұлт көшбасшысының мақаласын «Ерлік» музейінің ұжымы әр сәрсенбіде өткізетін сырласу сағатының жоспарына енгізген. Бұл жолғы қонақ әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының директоры Жәнібек Тағаев. Ұйымдастырушылар мақаланың маңызын жас санаға ұлттық құндылықтарды ұлағаттаушы орталықтың еселі еңбегі арқылы түсіндіруді жөн санапты.

Мәдени кешке өңірімізге белгілі зиялы қауым өкілдері де арнайы шақырылған. Сонымен қатар, Ж. Тағаевтың ата-анасы және бір салада қызмет ететін әріптестері де келіпті. Арасында ұлттық құндылықтарымыздың ұмытылмау жолында аянбай еңбек етіп келе жатқан кейіпкерге арнау арнағандары да бар.

Белгілі мәдениет қайраткерінің ұстаздары шәкірті жайлы естеліктерін айтты. Өскелең ұрпақтың жігерін арттыру мақсатында әр сенбіде өтетін сырласу сағаты әлі де жалғасын табады. Айта кетейік, музей ұжымы 2017 жылдан бері 70-тен астам белгілі тұлғалармен кездесу ұйымдастырған.

Жанерке Хумар