ҚР көші-қон заңдылығын бұзған 360 шетелдік азаматты анықтады

277

Ағымдағы жылдың қаңтардың 16 мен 20 аралығында Түркістан облысы Полиция департаментінің Көші-қон полициясы басқармасының қызметкерлерімен «Мигрант» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Облыс аумағында заңсыз көші-қонды анықтау және жолын кесу, уақытша және тұрақты тұратын шетелдіктерді есепке алуды қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Көші-қон заңнамасын бұзушылықтарды анықтау мақсатында жасалып отыр.

«Мигрант» жедел профилактикалық іс-шарасының 3-тәулігінде облыс бойынша Қазақстан Республикасына келу, болу және ҚР-нан кету Ережелерін бұзған барлығы – 423 шетелдіктер мен ҚР-сы азаматтары анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде: 360-і шетелдік, 63-ы ҚР азаматтары. Аталған құқықбұзушылардың 222-і ескертілген, 25-ке әкімшілік айыппұлдар салынып, 157 шетелдік әкімшілік қамауға алынды. Өзге елдердің 19 азаматы сот шешімдерімен ел аумағынан шығарылған.

Сонымен қатар, Түркістан облысы ПД-нің қабылдап-бөлу мекемелеріне жеке бастарын анықтайтын құжаттары жоқ – 19 адам орналастырылды. 136 шетел азаматтарының Қазақстан Республикасында болу мерзімдерін қысқартылды.

Шетел азаматын заңсыз тұрғын үймен қамтамасыз еткен – 46, шетел жұмыс күшін заңсыз пайдаланған – 17 Қазақстан Республикасының азаматы анықталып, оларға қатысты шетел азаматын заңсыз тұрғын үймен қамтамасыз еткені үшін әкімшілік жауапкершіліктері қаралды.

Іс шара өткізу барысында, елден аластату туралы сот шешімін орындамаудың 5 жайты анықталып, қылмыстық істер қозғалды.

«Мигрант» жедел профилактикалық іс-шарасы жалғасуда.

Түркістан облысы Полиция департаменті Баспасөз қызметі