Қала аумағында заңсыз көші-қонды анықтау және жолын кесу, уақытша және тұрақты тұратын шетелдіктерді есепке алуды қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Көші-қон заңнамасын бұзушылықтарды анықтау мақсатында ағымдағы жылдың 16-20 қаңтар аралығында Шымкент қаласында «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Тәулік ішінде Шымкент қаласының Полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері Қазақстан Республикасының Көші-қон заңнамасының 32 бұзушылығын анықтаған, оның ішінде 27 шетелдік азаматтар мен 5 Қазақстан азаматтары бар.

15 құқықбұзушылар ескертілді, 8 әкімшілік айыппұл салынды, 9 шетелдік әкімшілік қамауға алынды және сот шешімі бойынша басқа мемлекеттердің 2 азаматы елден шығарылды.

Сонымен қатар, Шымкент қаласы Полиция департаментінің қабылдау-тарату орнына жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ 22 адам қамауға алынды.

Шетелдік азаматтарды заңсыз тұрғын үймен қамтамасыз ететін 4 азамат және ҚР ӘҚБтК-нің 519-бабын бұзған басқа мемлекеттің 1 азаматы анықталды.
Сонымен қатар, өзге мемлекеттің азаматы ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабының 3-бөлігін бұзғаны анықталды. «МИГРАНТ» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда.

Шымкент қ. ПД-нің Баспасөз қызметі