«Бәйтерек» деволопмент» бағыты бойынша пәтерлер берілмек

116

Шымкент қалалық халықтық кеңсесінде екі күннен бері адам көп. Олар баспана алу ниетімен құжаттарын тапсыруда.

«Бәйтерек» деволопмент» бағыты бойынша берілетін пәтерлердің жалпы саны 91. Ал, оған қол жеткізгісі келетіндер қатары әлдеқайда көп. Үй кезегіне өтінішті көпбалалы, толық емес, мүгедек балалары бар немесе қамқоршысынан айрылған отбасылар бере алады.

Сондай-ақ, оралмандар мен мемлекеттік қызметкерлерге де мүмкіндік қарастырылған. Тіркелген жандар комиссия талқысынан өтсе, 1, 2 және 3 бөлмелі пәтерлерге ие болмақ. Жалпы саны 100-ге жуық пәтерлер Қаратау ауданында бой көтерген үйлерден беріледі.