«DIGITAL AGENT» қосымшасы арқылы мәселеңді 5 минутта шеш

342

Шымкент қаласында «DIGITAL AGENT» қосымшасы іске қосылды. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен «Цифрлы агент» (Digital agent) мобильді қосымшасы іске қосылды.

Аталған мобильдік қосымшаны Play Market және App Store сервистері арқылы жүктеуге болады. «DIGITAL AGENT» қосымшасының артықшылығы – қызмет алушылар шынайы уақытпен мемлекеттік қызмет көрсету сапасына баға беруге алады.

Қазіргі таңда Шымкент қаласының 8 Халыққа қызмет көрсету орталықтарымен Мамандандырылған ХҚКО-да және Көші-қон қызметі орталығында азаматтарға қызмет алу барысында орын алған бұзушылық фактілері бойынша шағымдана алатыны және мобильдік қосымшаны қалай жүктеу керектігі туралы жадынамалар ілінген.

Айта кетейік, қызмет алушылармен сауал жіберілгеннен кейін Агенттіктің тиісті аумақтағы құрылымдық бөлімшесі құзыреті шеңберінде әрекет ететін болады.