«Кез — келген ұрпақтың маңдайына бұйыра бермейтін бақ…»

74
фото ontustik.gov.kz

Төрткүл дүниедегі түркітілдес халықтардың басын қосып, төрелік айтатын төбежұрты саналатын киелі Түркістан алдағы уақытта адам танымастай кейіпке енбек. Онсыз да әлемнің әр түкпіріндегі адамзатты бір көруге ынтызарлығын оятатын қасиетті мекенде енді күнгейдегі облыс орталығы мәртебесін алғаннан кейін көркею, даму дәуірі басталғалы тұр.

Жақын келешекте түркі жұртының рухани астанасы қалай дамымақ? Қаланың жаңа келбеті қандай болмақ? Бағамдап көрелік…

Шымкентке сыймай емес, қимай Түркістанға көш түзеген маңызды басқармалар бүгінде киелі мекенде орнығып, тірлігін түзеп үлгерді. Бүгінде қалыпты жұмысына кіріскен…

Шаһардың дамуы туралы бірнеше мәрте жиын өткізілді. Жоспар-жобаларға қарасақ, расында көркіне көз тоярлық рухани орталыққа айналары айқын. Ең алдымен Рухани астананың мәдени тұрғыдан алғанда даму деңгейі әлбетте биіктері сөзсіз…

Мархабат Байғұт, жазушы: “Рухани, мәдени тұрғыдан алғанда Түркістанның мән маңызын биіктетіп, рухын көтеріп тұрған Әзірет Сұлтан бабамыздың, Қожа Ахмет Ясауидің сол жерде жатқандығы ғой… Астанаға көшкенде қиналғандар болды, Түркістанға көшкендер де қиналғандар бар. Бәріне шыдау керек. Мұны тарихи көш десе де болады… Астананы қалай елестетесіз дегенде зау заңғар үйлер салынады, сол үйдерде шымкенттіктер көбейеді, дегенмін. Сол болжам тура келді…

Түркістанның сәулеттік келбеті қаланың көркеюіне қомақты үлес қосатын сәулетшілердің назарынан тыс қалмаса керек. Көз тартар көрікті ғимараттардың көбейгені, де олардың қай стильде салынуы да маңызды мамандық иелерін мазалары анық.

Нұрлан Архабаев, Шымкент қаласының бас сәулетшісі: «Типтік стильді алып, замануи стиьлімізбен біріктіріп, ұлттық нақышқа бағыттайды — ау. Заманауи стильді қолдана білсе оның да артықшылығы жоқ. Біздің аймаққа тән көне қалалардың да стильдері де алынады. Естуімше 20 шақты жоба ұсынылған. Соның ішінен мықтылары таңдалып алынады ғой.

Түркістанды түркі жұртының мәдени рухани астанасы етудің тұжырымдамасын жасау жөнінде де халықаралық байқау жарияланды. Ол жағынан да жұмыстар жүргізілуде. Арғы бергі тарихына үңілсек, кесененің ішінде, сыртында 21 хан, 8 сұлтан, 50-ге жуық билер, батырлар жерленген. Ол туралы аңыз бен ақиқаты жетерлік.

Өмір Шыныбекұлы, тарихшы: “Қазір түркі дүниесі бір біріне жақындау әрекеттерін, интеграциялауды қатты жасап жатыр. Түркістан қаласының облыс орталығы болуы Кентау, Созақ өңірінің әлеуметтік экономикалық дамуына серпін берері сөзсіз. Астананы бүкіл Қазақстан жабылып салғанын білеміз. Түркістанның облыс орталығы болуы Астананың астана болуынан да маңызды. Бүкіл түркі жұртына түркітілдес мемлекеттерден инвестиция тартылады. Шымкенттен ауысып барған азаматтар біраз шыдасаңыздар тарихи процестің қақ ортасында қайнап жүресіздер. Ол кез — келген ұрпақтың маңдайына бұйыра бермейтін бақ… Ескі жырларда Қазанғап Байболовтың жырларынан оқыдым кіші жүздің ханы Әбілхайырдың шешесі Төле биге хат жазыпты, «жасым жақындап қалды, мүмкін болса Түркістанға жеткізіп жерле» депті. Осыдан — ақ Түркістанның маңызын түсіне беруге болады”.

Түркістанды дамыту десе ең алдымен туризм алға шығуы тиіс. Өйткені жыл сайын киелі шаһарға дүниенің төрт бұрышынан миллиондаған турист келіп, кетеді. Алдағы уақытта көркейген, гүлденген қалаға туристер ағылары сөзсіз.

Асқар Мамырбаев, Қазақстанның Құрметті сәулетшісі: “Түркістан тарихи орталық, Аурасы бөлек, рухы бөлек. Туризмнің белгілі орталығы Түркістан, туризмге бағыттау керек. Ескі аумағын, этнографиялық аумағын туризмге бағыттау қажет. Шеттен келетіндер экзотика іздеп келеді. Соған қарап топшылайды. Соған қарай сәулеттік келбеті болуы керек. Инфрақұрылымды жөндеу керек”.

Инфрақұрылым жүргізу, әлеуметтік нысандар салу, қаланы энергиямен және сумен қамтамасыз ету бәрі -бәрі де нақты жоспар бойынша жүзеге асырылмақ. Бүгінде сәулетшілерден бастап, коммуналдық қызмет саласы мамандары жан жақты жұмыстар жүргізуде…

Аузы дуалы, сөзі уәлі ел ағаларының сөзіне сенсек, жақын болашақта теріскейде Астанадан да ғажайып ертегі қалашық менмұндалап тұрмақ. Армандар орындалады. Ендеше рухани астананың жарқын келешегіне үмітпен көз тігеміз…

Г.Жұмаш