Сайрам ауданында волейболдан халықаралық «Достық» турнирі өтті

93

Биыл екінші рет волейболдан ұйымдастырылып отырған халықаралық «Достық» турниріне Қырғызстан және Өзбекстан Республикаларынан, Алматы облысы, Тараз қаласы, Сайрам және Қазығұрт аудандарының кәсіби ойыншыларынан құралған 6 команда қатысты. Түркістан облыстық өзбек этномәден бірлестігінің ұймдастыруымен өткен спорттық сайыс екі күнге жалғасты.

Турнирдің ашылу салтанатына Сайрам ауданының әкімі, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары, халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері, мәслихат депутаты, Түркістан облыс әкім аппараты «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасарлары, аудан тұрғындары мен спортшылар және БАҚ өкілдері қатысты.

«Достық» халықаралық турнирінің ашылуы аясында турнир жеңімпаздарымен қатар жеңістерімен біздің еліміздің беделін арттырып, ауқымды халықаралық жарыстарда жеңіске жетіп, үздік нәтиже көрсеткен өзбек этномәдени бірлестігінің үздік спортшылары, және олардың ата-аналары марапатталды.Марапаттау рәсімін,Түркістан облыстық өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы,«NIK Group» корпорациясының президенті,облыстық мәслихат депутаты Нышанқұлов Бадриддин Икрамжанович жүргізді.

Тунир нәтижесі бойынша жүлделі I-орынды Алматы облысынан келген «Буравестник» волейбол командасы (қаржылай 500 000 теңгеге) ие болса, ал II-орынға Түркістан облысынан келген «Қарабұлақ» командасы (қаржылай 400 000 тенгеге) ие болды. Сондай-ақ , III-орынды Қазығұрт ауданынан келген «Динамо» командасы (300 000 теңгені) иеленді. Сайысқа қатысқан өзге командалар мен жаттықтырушыларына әртүрлі номинациялар бойынша қаржылай сыйлықтар мен сертификаттар табысталды.