Шымкентте бейнебақылау камералары 50 мың құқықбұзушылықты анықтады

156

Шымкент қ. полицейлері қаланың барлық учаскелерін күшейтілген түрде патрульдеуде. 2018 жылы Шымкент қаласы республикалық маңызы бар қала – мегаполис болды. Халық саны жыл сайын өсіп келеді, осылайша тіркелген автомобильдер саны да артуда. Қалада 2018 жылы 204061 автокөлік тіркелген, ал қазіргі таңда олардың саны 215 470 құрайды.

Өткен жылдан бері қалаға 11 409 автокөлік қосылды. Автомобильдердің бұл өсуі әсіресе қарбалас сәтте кептелістің пайда болуына ықпал етеді. Осыған қарамастан Шымкент қ. ПД ЖПҚБ Жол-патурльдік полиция полкінің қызметкерлері жүктелген міндеттерін кәсіби түрде атқарып келеді.

Мысалы, Т. Рысқұлов және Х. Дулати көшелерінің қиылысындағы «Гиперхаус» СО жанында кептелістер жиі пайда болады. Осы учаскеде көшелерді кептелістен босатып, қоғамдық тәртіпті сақтау үшін автоэкипаж және жаяу патруль бөлінген. Тұрғындар тарапынан құқықбұзушылық анықталған жағдайда полиция қызметкерлері заңмен белгіленген шараларды қолданатын болады. Жыл басынан бері аталған учаскеде полицейлер анықтап, төмендегідей әкімшілік хаттамалар толтырған:

ӘҚБтК 597-бабы 1-бөлігі бойынша (Көлік құралдарын тоқтату немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзу) – 12;
ӘҚБтК 593-бабы 2-бөлігі бойынша (Қауіпсіздік белдіктерін немесе мотошлемдерді пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау) – 6;
ӘҚБтК 601-бабы 1-бөлігі бойынша (Осы тараудың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жол белгілерімен немесе жолдың жүру бөлігіндегі таңбалармен көрсетілген талаптарды сақтамау) – 10;
ӘҚБтК 596-бабы 3-бөлігі бойынша (Егер бұл жол жүрісі қағидаларында тыйым салынған жағдайларда, жолдың жүру бөлігінің қарсы бағытта жүруге арналған жағына, оның ішінде кері бұрылып немесе бұрылыс жасап шығу) – 1.

Сонымен қатар қалада Шымкент қ. Полиция департаментінің Жедел басқару орталығының 479 бейнекамерасы жұмыс істеуде. Олардың көмегімен 2018 жылы 47719 түрлі құқықбұзушылықтар анықталды. «Интегра» интеллектуалды автоматтандырылған жүйесі автокөлік құралдарының жүргізушілері тарапынан 705 бұзушылықты тіркеді. Мұндай жүйе қаланың 21 көше қиылыстарында орнатылған.

Полиция департаменті тұрғындардың барлығына адамдар көп жиналатын жерлерде қоғамдық тәртіпті сақтауды сұрайды. Біреу қоғамдық тәртіпті бұзған жағдайда бұл туралы тез арада полиция органдарына хабарлаңыз. С

Шымкент қ. ПД-нің Баспасөз қызметі