Шымкентте дүкен сатушысы ұрыны қуып шықты

113

Шымкентте дүкен сатушысы тонаушының арам ойын іске асыруға жол бермеді. Дүкенді тонауға келген ұры қарсылыққа тап болды

Оқыс оқиға Байтұрсынов және Арғынбеков көшелерінің қиылысындағы автобус аялдамасында орналасқан дүкенде орын алды. Белгісіз ер адам дүкенге кіріп сатушы әйелден ақша талап еткен. Әрине, ол ақшаны беруден бас тартқан. Оның жауабына қатты ашуланған ұры ұрмақ болған. Алайда сатушы әйел өзін қорғау мақсатында ұрының бетіне ащы бұрыш баллонын шашқан. Бетін басып ойбайлаған тонаушы тез арада табанын жалтыратқан.

 

 

 

Оқиға орнына полиция қызметкерлері жедел жетті. Қаскөйдің саусақ іздері алып, барлау жұмыстарына кірісті.

Оңай олжаға кенелмек болған ұрыны іздеcтіру жұмыстары жалғасуда.