Шымкентте шорт тректен жастар ойындарының чемпиондары анықталды

99

Шымшаһарға еліміздің бір қатар облыстарынан жиналған спортшылардың арасында алаң қожайындары да болды. Алайда қоржынға алтын медаль салынбады.

Жарыстың ашылу салтанатында қысқы ойындардың үш түрінен қойылым болды. Барабанның дауысына өнер көрсетіп жиналғандарды таң қалдырды. Шымкентте қысқы ойындар дамып жатыр.

Хоккейшілер де өз өнерін көрсетті. Шымкентте хоккейшілердің екі командасы құрылған. Олар да жүлде үшін таласады. Ал, оған дейін шорт тректің жастары Шымкенттің қоржынына екі медаль салып үлгерді.

Тоғжан Амангелді алтын медаль жеңіп алса, эстафеталық жарыста жерлестеріміз чемпион атанды.