Шымкентте жаңа жыл түні топтасып төбелескендер қолға түсті

168
.nur.kz

Шымкентте жаңа жылды қарсы алғаннан кейін үш сағат өткен соң Дулати көшесіндегі мейрамханалардың бірінде бір топ жігіт топтасып төбелескен.

Бір біріне жұдырық ала жүгірген төбелестің неден ушыққаны білгісіз. Салдарынан «Мерседес» көлігіне зақым келді. Оқиға орнына тәртіп сақшыларының үш экипажы жедел жетті.

Төбелеске мұрындық болған бірнеше «батыр» Әл Фараби аудандық полиция бөлімшесіне жеткізілді.