Шымкенттегі алып сауда үйлері тұрғын үйдің бағасынан да төмен бағаланған

95

Шымкент табысты болу үшін бюджеттің кірісі мол болуы шарт. Қазынаны толықтыру қалалық мемлекеттік кірістер  департаментіне жүктелген.

Қалалық әкімдіктегі жиыннан көрініс

Аталған мекеме тұрғылықты халықты әлеуметтік қолдауға, коммуналдық мәселелерін шешуге қажетті қаржы көзін табу жолында еңбек етуде. Салық салу базасын ұлғайту мәселесін қолға алу қажет деп есептейді сала мамандары.

Нұралхан Көшеров

Нұралхан Көшеров, Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік кірістер  департаментінің басшысы: «Шымкентте 68 мыңнан астам шағын және орта бизнес субъектілері жұмыс істейді. Қалада 37 базар тіркелген. Онда 13 мыңнан астам жеке кәсіпкер сауда жасайды. Тексеру барысында 6 мыңнан астам сатушы тіркеусіз жұмыс жасайтыны анықталған. Айта кетсек, толық бітпеген тұрғын үйінің бағалау құны  42 млн. теңге, ал «Имран» сауда үйінің бағалау құны жеке тұлға үйінің бағалау құнына 32,8 млн. теңгеге төмен бағаланған. Осы сияқты «Баянсұлу», «Оптовик», «Алталнт», «Юг сити», «Изуми» сауда орталықтарының құны жеке тұрғын үйлердің құнынан 2-3 есе аз қамтылған».

Сондай-ақ, мүлік салығынан жалтару үшін кәсіпкерлік мақсатта пайдаланатын ғимараттардың құны айтарлықтай аз көрсетілген. Осы орайда, кәсіпкерлерді бір ай мерзім ішінде нақты табыстарын көрсетіп, қосымша салық есептіліктерін тапсыруға шақырды.

Жиын соңында қала әкімі салықтар мен мемлекеттік бюджетке төленетін міндетті төлемдердің уақытылы түсімін жақсартып, халықтың тұрмысын көтеруге тапсырма берді.

Шынар Оразова