Заңсыз айналымнан 6 тоннадан астам есірткі заты тәркіленді

385

Түркістан облысы Полиция департаментінің Есірткіге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері өткен 2018 жылдың қорытындысы бойынша заңсыз есірткі айналымына қатысты 163 қылмыс пен 200-ден аса қылмыстық құқықбұзушылықтарды анықтады.

Полицейлердің жедел-іздестіру шараларының аясында есірткі сатудың- 66 жайты және есірткі затын заңсыз сақтаудың-19 жайты, есірткі контрабандасының- 25 жайты анықталып, 50-ден астам есірткі өсіру алқаптары жойылды. Заңсыз айналымнан 6 тоннадан астам есірткі заттары, оның ішінде шамамен 58 мың қарасора тәркіленді.
Мәселен, өткен жылдың көктемінде Төлеби АПБ-нің қызметкерелері есірткі сатумен айналысқан деген күдікпен жергілікті тұрғынды құрықтады.

Полицияға Төлеби ауданы тұрғынының бірінің марихуананы сату мен сақтаумен айналысқандығы туралы хабарлама келіп түседі. Төлеби АПБ-нің қызметкерлерінің жедел –іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті ретінде Төлеби ауданының 44 жастағы тұрғыны ұсталды. Аталмыш жайт ҚР Қылмыстық кодексінің 297 «Есірткі, психотроптық заттарды сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу» бабы бойынша СДТБТ-ге тіркеуге алынды.
Бүгінгі таңда соттың үкімімен 44 жастағы сотталушы 5,5 жылға бас бостандығынан айрылды.

Өз кезегінде Түркістан облысы Полиция департаментінің ЕҚКБ-ның қызметкерлері тұрғындарды есірткі пайдаланудың қауіптілігі мен зияндылығын ақпараттандыру бойынша есірткіге қатысты түрлі алдын-алу іс-шараларын өткізуде. Сонымен, тәртіп сақшылары акцияға қатысушы білім беру, денсаулық сақтау және басқа да қызығушылық білдірген мекемелердің өкілдерімен бірлесе отырып, студенттер мен оқушыларға есірткі қылмысының зардаптары және есірткі қолданудың зияндылығымен ақпараттандыру мақсатында ашық сабақтары өткізіліп, салауатты өмір салтын үнемі ұстанып жүруге шақырады.

ТО ПД-нің Баспасөз қызметі