Жарнаманың «көкесі» … Шымкентте

394

Өнімнің өтімділігін өкіртетін жарнама екені рас. Бәсекелестіктің бәсі артып тұрған шақта елде жоқ ерекше жарнама ойлап табуда шымкенттіктер алдыңғы лекте.

Бірсыдырғы, «селт еткізбейтін», жарқ жұрқ жарнамамен ешкімді де таң қалдыра алмайсыз бүгінде. Ерекше стиль, ерекше атау, езу тарттырар ерекшелігі басым жарнама көргіңіз келсе, базарларды аралап көріңіз.

Бүгінде не көп, көйлек көп. Сан алуан киімнің ішінен көйлектің «көкесін» жарнамалағанды құп көргендер атауын қатырғаны сөзсіз. Амалсыз, керемет көйлекті көргіңіз келері хақ.

«Нұрторт». «Нұр сіңген», «нұрланған» торттан дәм ауыз тимесеңіз ұят болар. Тапқырлықтарында шек жоқ екенін байқап, бас шайқамасқа амал кем…

Шымкенттің «Техас» штаты деген қосымша атауы барын біреу білсе, екеу білмес. Бал өндірісін өрістетіп отырғандар атауын «Техас балы» деп атағанды жөн көріпті.

Айназ Бейімбет