Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі құрылды

211
фото inform.kz

Қазақстанда Ақпарат және коммуникациялар министрлігі қысқартылды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі қысқартылсын», – делінген жарияланған құжатта. Бұрынғы министрліктің функциялары Қазақстанның Қоғамдық даму министрлігіне тапсырылады.

Осылайша, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық дамуы министрлігі пайда болды. Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің барлық өкілеті осы министрлікке тапсырылады.