Дарынды оқушылар жүлдемен оралды

107

Жеңіспен оралды! Шымкенттік оқушылар — Алматыда өткен «Қазақстанның болашағы жастардың қолында» атты 46-шы республикалық ғылыми практикалық конференцияға қатысып қайтты.

«Экология, инженнерия және педагогика ғылымдар академиясы» Қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен шараға С.Ерубаев атындағы №24 мектеп-лицейдің 30 оқушысы жолдама алған болатын. Еліміздің түкпір-түкпірінде оқитын дарынды, әрі ғылымға құштар оқушылардың басын қосқан шарада, мектептің бірнеше оқушысы көзге түсіп, жүлделі орындардан көріне білді.

Айжан Ермекқызы