Гандболшылардың мақсаты — чемпион атану

100
Liter.kz

Гандболдан еліміздің үздік 12 командасы сынға түсуде. Шымкентте жасөспірім қыздар арасында Қазақстан чемпионаты өтуде. Бес күнге жалғасатын жарыстың үшінші күнінде Шымкенттің командасы түркістандықтармен кездесті.

Ойынның алғашқы жартысында есеп 20:5 болып аяқталды. Шымшаһардың гандболшылары ептілеу екенін дәлелдеді. Ойын соңына дейін есепті еселей түсті. Нәтижесінде жерлестеріміз көш бастап тұр. Биылғы жоспар чемпион атану.