«Көктем – 2019» оқу-жаттығуы өтті

430

Көктем жақындағалы төтеншеліктер аяғынан тік тұрып, қызыл судан келетін апаттың алдын алуда. Көктемгі көшкінді алдын алу мақсатында ұйымдастырылған оқу-жаттығу Қошқар ата өзені бойындағы Қызыл армия көшесінде ұйымдастырылды. Республикалық командалық штаб жиындарына биыл барлығы 20-ға жуық мекеме жұмылдырылған.

«Өзен жағалауында су тасыды» деген хабарды ести сала төтеншеліктер тез жетті. Алдымен тұрғындарды апаттан құтқарып алды. Қызметі шұғыл қажет болатын мамандардың жұмысын көзбен көрген азаматтар да дән риза. Айтуларынша үй маңында бұрын соңды төтенше жағдай орын алмаған.

Жаттығу барысында мамандар өз техникаларын тексеруден де өткізді. Төтенше жағдай қызметкерлері су жинау құрылғысымен жұмыс жасаса, әскери бөлім сарбаздары жағаға құм тастады. Ал тазалық сақтау мамандары өзен ішін қоқыстан арылтты. Жарық мамандары мен жедел жәрдем қызметкерлері де оқу жаттығудан қалыс қалмады.

Әл Фараби әкімдігі өткізген «Көктем 2019» республикалық командалық штабтық оқу жаттығуы бас аяғы 1 сағатқа созылды. Айта кетейік, ауданда өткен жылы көктемгі көшкін орын алмаған. Биыл да төніп тұрған қауіп жоқ.

Назерке Үкібасова