Ордабасы ауданына қосалқы электр стансасы қажет

295

Ордабасылықтар  былтыр ауданда атқарылған жұмыстарға ризашылығын білдіруде. Жаңа үлгідегі әлеуметтік, білім ошақтары салынып, жолдар кезегімен жөнделуде. Қуантарлық жағдай, тұрғылықты халықты тұрақты жұмыспен қамту бағытында да шағын кәсіпорындар ашылуда екен.

Айдар Дәнешев, Ордабасы ауданының тұрғыны

«Үлкен жолдың бойындамыз, Шымкентке де жақынбыз. «Шұбар», «Бадам» ауылдарында  өндіріс орындары ашылып, мұнай өңдеу зауыты  салынбақ. Салмақ түсіп, өзіміздегі электр стансасының қуаты жетіспеуде. Осыны ескеріп электр тарату стансасын салуға ықпал жасасаңыз» деді Айдар Дәнешев.

Халық алдында есеп берген өңір басшысы Жансейіт Түймебаев «қаржы бөлінді,  қосалқы станса салынады» деп ордабасылықтарды бір қуантты.

Облыс әкімі баяндамасында есепті мерзімде сапалы электр жарығымен қамтамасыз ету бағытында атқарылған жұмыстарға да тоқталып: «Облыста 826 елді мекен орталықтандырылған электр желісімен, шалғайдағы 16 елді мекен дербес электр қондырғыларымен қамтамасыз етілген. 2018 жылы 5,2 млрд. теңгеге 22 нысанның құрылысы жүргізілген. 22 ауылдық елдімекен, 6 қалалық шағынауданда  электр нысандарының құрылысы аяқталып, пайдалануға тапсырылған.

Электр станциясыБиыл 18 нысанның құрылысына және 5 жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуге 4,9 млрд. теңге бөлінді.  Жылдың соңына дейін 13 нысанды іске қосу жоспарлануда.  Нәтижесінде 16 мыңға жуық тұрғын сапалы, түрақты электр жарығымен қамтылатын болады» деді.

Шынар Оразова