Орталық Азияда баламасы жоқ мал бордақылау алаңы Туркістан облысында ашылады

525

Орталық Азиядағы ең ірі мал бордақылау алаңы Туркістан облысында ашылады. Сыйымдылығы жүз мың қой басына лайықталған нысан Бәйдібек ауданында құрылады.

Алаң құрылысы 2019 жылдың маусымында басталады деп күтілуде. Бұл жобаны инвестор ретінде «Salurbey Group» турік компаниясы қолға алып отыр. Нысанның құны 20 млн. доллар деп деп хабарлайды «Түркістан» ӘКК» АҚ-ның филиалы – «Turkistan Invest» компаниясының баспасөз қызметі.

Бордақылау бекеті 2500 гектар жерге салынады деп жоспарлануда. Компания өкілдерінің айтуынша алаң аумағында малдың жүнін қайта өңдейтін және ет пен сүт, айран, йогурт, ірімшік шығаратын цех іске қосылады. Сонымен қатар, жоспарда 1500 гектарға жем-шөп өсіру қаралған.

«Salurbey Group» компаниясының басшысы – Ибрагим Айдын Салюрбейдің айтуынша мұнда зертхана ашу көзделіп отыр. Мамандар ұсақ малдардың түрлі қауіпті дерттерге шалдығу қаупін алдын алу үшін тиісті тексерулер жүргізіп отырады. Нысанды жүзеге асыру барысында 1200 адам тұрақты жұмысқа орналасады. Нысанның қуаттылығына қарай алаңда «Еділбай», «Романовская» және «Меринос» тұқымдарының 100 000 басы бордақыланады.

Өнім ТМД елдеріне және Туркияға экспортталады. «Salurbey Group» компаниясы мен Түркия ауыл шаруашылығы министрлігінің арасында экспорт бойынша келісімшарт түзілген.