Шымкенттегі жемқорлар кімдер?

269

Былтыр Шымкентте сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған 98 адам анықталып, оның 85-інің ісі сотқа жолданды.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті өкілдері осылай деп отыр. Сондай-ақ, орын алған қылмыстарды саралай келе құзырлылар ішкі істер саласы қызметкерлерін парақорлыққа аса бейім деп танып отыр.

Себебі былтырғы жылдың еншісіндегі қылмыстардың көпшілігі тәртіп сақшыларына қатысты болды дейді жауаптылар. Қылмыстық-атқару жүйесі, қаржы, ауылшаруашылығы, денсаулық сақтау саласы мамандары да парақорлықтан алыс емес екені белгілі болды.

Департамент мәліметіне қарағанда, жемқорлық қылмыстарының дені пара беруге қатысты орын алған. Онымен қоса пара алу, алаяқтық деректері де осы санаттағы қылмыстардың басым бөлігін құрайды.

Мақпал Рысбаева