Төлеби ауданында саумалмен сауықтыру орындары ашылмақ

106

Төлеби ауданын дамытудың негізгі бағытының бірі болып саналатын туризм саласына қазіргі таңда аса көңіл бөлінуде. Биылғы жылы іске асатын негізгі жобаларға тоқталатын болсақ, Қасқасу ауылдық округінде құны 500 млн. теңгеге «SAIRAM SU resort» 100 орындық демалыс орны ашылады.

Қоғалы ауылдық округінде инвестициялық құны 100 млн. теңгеге саумал-сауықтыру кешенін ашу жоспарланған. Кешеннің сиымдылығы 50 орынды құрайды.

Алатау ауылдық округінде құны 150 млн. теңгеге «Таңсұлу» демалыс аймағының құрылысы, Кемеқалған ауылдық округінде құны 150 млн теңгеге «Алма-Тау» демалыс аймағынан қосымша құрылыс нысандарын салу жоспарланып отыр.

Туризм саласына 1 млрд. 300 млн. теңге инвестиция тартылып, жаңа жұмыс орындары ашылады деп күтілуде.