Жылқы ұрлаған арыстық күдікті ұсталды

78

Түркістан облысы Арыс ауданында жылқы ұрлаған күдікті ұсталды. Арыс аудандық полиция басқармасы қызметкерлері жүргізген рейд барысында мал тиелген екі жүк көлігін тоқтатқан. Тексеру кезінде малға ешқандай құжаттары болмаған.

Тергеу барысында күдікті ретінде Арыс ауданының тұрғыны құрықталды. Ақпанның алғашқы күндерінде ашылған қылмыс бойынша жәбірленушіге 3 млн. теңге шығын келтірілген. Күдікті мал жайылымынан ірі қараны айдап әкетіп, он бас жылқыны жергілікті тұрғындарға сатқаны мәлім болған.

«Болған жайт ҚР ҚК-нің 188 бабымен «ұрлық» бойынша Арыс АПБ СДТБТ тіркелді. Күдікті қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Полицейлерінің жүргізген мал ұрлығына қарсы күрес іс — шарасы арқасында ұрлық қылмысы дер кезінде ашылып, полицияға шағымданған заңды егесіне мүлкі қайтарылды»-деп хабарлайды Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.