200 000 теңге қарызы үшін сотқа жүгінді

212

Шымкент қаласының Қаратау аудандық сотында талап қоюшы Г.К. жауапкер К.Р.-дан қарыз сомасын өндіру туралы арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Талап қоюшы Г.К.-нің талап қою арызында жауапкер К.Р.-дан 200 000 теңге қарыз сомасын өндіруді сұраған.

Істі сотта қарау барысында, тараптардан дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекітуді іс бойынша өндірісті тоқтату туралы арыз түсірген. Медиация келісімі бойынша жауапкер қарыз сомасын талап қоюшыға екі айға бөліп төлеуге міндеттенді. Өз кезегінде талап қоюшы талабынан бас тартты.

«Соттың ұйғарымымен тараптардың араларындағы түзiлген дауды медиация тәртібінде реттеу келісімі, ондағы шарттарымен қоса бекiтiліп, іс бойынша төленген мемлекеттік баж салығы талап қоюшыға қайтарылып, iс жүргізу өндiрiстен тоқтатылды»-деп хабарлайды Шымкент қалалық сотының баспасөз қызметі.

Ұйғарым заңды күшіне енбеген.