Алимент өндіре алмай жүрсеңіз «Ашық есік күніне» келіңіз

70
FinBiz.kz

Алимент өндіре алмай жүрсеңіз 19 наурыз күні Шымкент қалалық прокуратурасының ұйымдастыруымен өтетін «Ашық есік күні» іс-шарасына келіңіз!

Шымкент қалалық прокуратурасының ұйытқы болуымен Шымкент қалалық Әділет департаменті мен жеке сот орындаушылардың өңірлік палатасының қатысуымен «Құқық қорғау қызметтері» орталығында наурыздың 19-на  сағат 10.00-ден 15.00-ге дейін «Ашық есік күні» акциясы өткізіледі.

Туған перзенттерінен безіп, алимент төлемей жүрген тұлғалардан алимент өндіру мақсатында өткізіліп отыр.

«Құқық қорғау қызметтері» орталығының мекенжайы: Шымкент қаласы, Бейбітшілік көшесіндегі 3-ші үй.