Автокөлік ұрлығының 20 жайтына қатысы бар күдікті ұсталды

210

Жетісай АПБ-нің кезекші бөліміне жергілікті тұрғын белгісіз біреулердің ағымдағы жылдың ақпан айында «Ауди» маркалы автокөлігінен 10 мың теңге тұратын автокөлік магнитафонын ұрлап кеткендігі жайлы арызданды. Аталмыш жайт, ҚР ҚК-нің 188-бабы «ұрлық» бойынша Жетісай АПБ-нің СДТБТ-не тіркеуге алынды.

Қылмысты ашу мақсатында криминалды полиция мен жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері арасынан жедел-тергеу тобы құрылды. Полицейлер тарапынан көлік ұрлаған күдіктіні құрықтау мен түр тұлғасын анықтау үшін қажетті барлық шаралар атқарылды.

Жедел тергеу іс-шараларының нәтижесінде Жетісай АПБ-нің полицейлері бұрын сотты болған жұмыссыз жүрген, жергілікті тұрғынды құрықтады.

Қазіргі таңда полицейлердің тергеу жүргізуі нәтижесінде күдіктілердің Жетісай ауданындағы автокөліктерді ұрлаудың 20 жайтына қатыстылығы анықталды.
Жәбірленушілерге келтірілген шығынның жалпы сомасы миллион теңгеден асады. Күдікті қамауда. ҚР ҚК-нің 188-бабы «ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тексеру амалдары жүргізілуде.

Тәжірибе көрсеткендей, басым жағдайда көлік ұрлығы көліктердің қараусыз немесе ашық қалуынан болады. Сондай-ақ, арнайы дабыл қаққыштар орнатылмаса да ұрылардың қолды етуі оңайға соғады.

Түркістан облысының полицейлері көлік ұрлығының алдын алу мақсатында тұрғындарға ұрлықтан сақтану үшін көліктерін бейнекамералар мен жарықтанған автотұрақтарға қою керектігін, ал автокөліктеріге қажетті құжаттарды, үй кілтін, бағалы заттарды қысқа уақытқа болса да тастап кетуге болмайтынын ескертеді. Егерде сіз қандайда бір қылмыстық оқиғаның немесе ұрлықтың куәгері, құрбаны болсаңыз полицияның «102» нөміріне жедел түрде қоңырау шалыңыз.

ТО ПД-нің баспасөз қызметі