«Білгенге маржан» байқауы өтті

58

Ұлттық тілді ұлықтау. Өзге ұлттың жастары қазақ тіліне деген құрметтерін көрсетті. Күнгейдің басты оқу ордасы М. Әуезов атындағы ОҚМУ-де «Білгенге маржан» атты инттеллектуалды байқауы болып өтті.

Оған өңіріміздегі оқу орындарынан 6 команда қатысты. Діні бөлек, тілі бөлек болса да қазақша сайрап тұрған жастарға риза болмасқа шара жоқ. Әсіресе қазақтың алты ауызына салып, өздерін өлеңдетіп таныстырғанда таңырқатқаны да рас. Арасында иран, орыс, түрік, славян ұлтының өкілдері де бар.

Олардың бәрінің басын біріктіргені Қазақстан атты қара шаңырақ. Қазақ тіліне деген құрмет. Қазақтың ұлттық салт дәстүрінен де хабары бар екендіктерін байқатты. Өз өнерлерін ортаға салып, ауылдың алты ауызын айтты.

Болатбек Тілеубердиев, М.Әуезов атындағы ОҚМУ филология факультетінің деканы: «Түркі тілдес ұлттардан көрі славян ұлтының жастарын көбірек тартуға тырыстық. Олардың мемлекеттік тілімізге деген қызығушылығын ояту мақсатында қолға алынған жоба».