Шымкенттегі емханаларда ашылған дәріханалардан диспансерлік есептетегі науқастар дәрілерді тегін алады.

Шымкент аумағында орналасқан емханалардың  ғимаратында  дәріханалар ашылды. Онда диспансерлік есепте тұрған науқастар дәрігердің жазған рецепті бойынша  дәрі-дәрмектерді  емханадағы дәріханадан тегін алуға мүмкіндік алды.

№1-ші қалалық емханада дәріхана ашылды
Диспансерлік есептегі науқастар дәріні емханадағы дәріханадан  тегін алуда

Александр Жихарев №1-ші қалалық емханада диспансерлік есепте. Дәрігердің қабылдауында болған тұрғын рецепт бойынша ғимараттың бірінші қабатында орналасқан дәріханадан қажетті  дәрі- дірмектерін тегін алды. Денсаулығы сыр берген  жасы келген азаматтарға өте ыңғайлы, тегін дәрі беретін дәріхананы іздеп табанынан тозбайды.

Назым Жұматаева, №1 қалалық емхананың бөлім меңгерушісі

Емхананың бөлім меңгерушісі Назым Жұматаева диспансерлік есепте тұрған азаматтарды қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету мақсатында алдын ала қалалық денсаулық сақтау басқармасына тапсырыс жасаймыз дейді.

Мысалы тізімде: Адалимумаб, Азитромицин, Аторвастатин, Валсартан, Будесонид сияқты дәрілер бар. Дәрмектер  кардиолог, онколог, терапевт- дәрігердің рецепті бойынша  диспансерлік есептегі науқастарға тегін босатылады. Келген адамдар «уақытымызды үнемдейтін болдық, өте  тиімді» деп алғыстарын айтуда. Жаңашылдық қаңтардың ортасынан  жүзеге асуда, дейді  дәрігер.

Шынар Оразова