Мұнай өңдеу зауытындағы өрт сөндірілді

431

Бүгін Текесу темір жол станциясында мұнай тиелген екі вогон “өртке оранды”. Мамандардың айтуынша, жүкті тиерде ақау кеткен. Өртті сөндіруге темір жол станциясының өрт сөндіру пойызы мен Шымкент қалалық ТЖД мамандары жұмылдырылды. Бұл бірлескен оқу жатығу тактикасы жоспардын тыс өткізілді.

Жалынға оранған екі вогонды сөндіруге қалалық ТЖД 8 өрт сөндіру техникасы жедел жетті. Әрқайсының ішінде 2000 -нан 8000 мың тонаға дейін суы бар. Техникалық қауіпсіздікті ескерген энергетиктер бағана басына шығып электр қуатын ажыратты.

Жанып жатқан вогонға өрт сөндірушілер үлкен қысыммен көбік шаша бастады, оларға көмекке өрт сөндіру пойызы да келіп жетті .Жұмыла жасаған жұмыс нәтижелі болып, тілсіз жау ауыздықталды. Оқу жаттығу тактикалық жұмысы нәтижелі аяқталды .

Қуаныш Арысланов, «Өрт сөндіру және авариялық – құтқару жұмыстары қызметі» мекемесі бастығының орынбасары: «Бұл сценарий бойынша, мұнай өңдеу зауытында цистернаға жанар май құйылады, бірақ дистпечер майдың ағып жатқанын байқап, жедел қоңырау шалады. Біз оны қауіпсіз аймаққа алып шықтық. Сол кезде жалын шығады қазір соны жабылып сөндірдік» .

Айта өтейік, соңғы үш жылда темір жол релстерінде өрт оқиғасы тіркелмеген. Десе де темір жол салысындағы өрт қауіпсіздігі қатаң бақыланады. Оған 3 өрт сөндіру пойызы және жеке құрамнан 60 адам бекітілген.

Әбілқасым Айдаров, Шымкент темір жол бөлімшесінің бас инженері: “Темір жолдағы қауіпті жүктер әскерилермен қорғалады және бір нүктеден екінші нүктеге жеткенше әскерилер еріп жүреді”.

Шымкент қалалық ТЖД биылғы жарты жылдықта 5 оқу – жатығу жұмыстарын жоспарлаған. Бұл жоспарсыз тактика өрт сөндіру қызметіндегі мамандардың тәжрибесін шыңдайды дейді.

Нұрлан Күдерұлы