Премьер – министр Түркістанда құрылыс жұмыстарын қарқындатуды тапсырды

157

Түркістан облысының орталығына табан тіреген Премьер-Министр әкімшілік-іскерлік орталығындағы нысандарды, басқармалар мен департаменттердің ғимараттары салынатын алаңдарды аралап көрді.

Биылғы наурыз айында іргетасы қаланатын нысандар 2020 жылы пайдалануға берілмек. А.Маминмен бірге әр облыстың әкімдері келіп, өздері салып беретін нысандардың барысымен таныстырып, қай уақытта тапсырылатындығын қоса айтты.

Алматының әкімі Бауыржан Байбек, Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов, Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев жоспарланған ғимараттарды дер уақытында тапсыруға күш салып жатқандарын айтты.

Қолжетімді баспана бағдарламасы бойынша салынып жатқан тұрғын үйлердің 11-і алдағы мамыр айында тапсырылмақ. Тамыз айында құрылысы бітетін тұрғын үйлер аз қамтамасыз етілген отбасыларға беріледі деп жоспарланып отыр. 2019 жылы — 44 үй, 2020 жылы — 52 үй пайдалануға беріледі. Жалпы, 2 977 пәтер «7–20–25» бағдарламасы бойынша, сондай-ақ облыс әкімдігі жоспарлап отырған несиелік тұрғын үйдің жаңа бағдарламасы бойынша қолжетімді болмақ.

Асқар Мамин 7 мың орындық стадион құрылысымен де танысып шықты. Соңғы заманауи үлгіде салынып жатқан нысандар жоғары функционалдылығымен, сыйымдылығымен ерекшеленеді және сәулет өнерінің қазіргі стандарттарына сай келеді.

Асқар Мамин жұмыс сапары барысында туристік инфрақұрылымды құру жұмыстарының жоспарларымен танысты. Құрылыс жұмыстарын қарқындатуды нықтап тапсырды.

Шынар Оразова