«Шардара Армспорт» бүкіл елдің мақтанышы

171

Шардара ауданы әкімі Болатбек Қыстауов «Шардара Армспорт» спорт клубына арнайы атбасын бұрып, спортшылардың жаттығуын тамашалап, өз бағасын беріп кетті.

Қазіргі таңда «Шардара Армспорт» спорт клубында, қол күрес залынан бөлек, ауыр атлетика, гір көтеру спорты, найза лақтыру және ядро лақтыру спортынан жаттығу залдарымен қамтылған. Және қосымша бокс, таэквондо спорт түрлерінің жаттығу залдары салынуда.

Барлық жаттығу залын жеке-жеке шолып өтіп, құрылыс нысанымен танысқан аудан әкімі Болатбек Қыстауов ауданымызда спорт саласының қарқынды дамуына өз үлесін қосып жүрген Арман Романұлына алғысын білдіріп, алдағы уақытта осы спорт кешенінен олимпиада шыңын бағындыратын чемпиондар шыға беруін тіледі.