Шымкент-Самара тас жолында апаттың салдарынан үш бала қайтыс болды

316

Оқиға салдарынан Шымкент-Самара тас жолында үш бала қайтыс болды.
14 наурызда Шымкент-Самара тас жолының 115-ші шақырымында жол-көлік оқиғасы орын алды. Жолда Hyundai Starex және Daewoo Nexia бетпе-бет соқтығысқан.

Жазатайым оқиғалардың куәгері журналистерге балалардың денелері оқиға орнынан 10-15 метр қашықтықтан табылғанын айтқан. Оқиғаны өз көзімен көрген куәгерлер апаттан соң өздерін нашар сезінген.

Екі ересек адам мен екі кәмелетке толмаған жасөспірім әр түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша «Төрт және екі жастағы екі бала бір отбасының балалары. Түркістан қаласының ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлер олардың жағдайын өте ауыр екенін айтып отыр. Ауруханаға жатқызылған екі ересек азаматтың жағдайы бірқалыпты».

ҚР ІІМ медицина мекемесіне бара жатқан жолда үш кішкентай бала қайтыс болғанын растады. Ауыр жарақат алған Nexia жүргізушісі ауруханада қайтыс болды. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы мен Түркістан облысының полиция басқармасының бастығы келді.