Миллион халқы бар Шымшаһардағы ең көрікті әрі ең жас даңғылға Қазақстанның тұңғыш президентінің есімі берілді.

Ұзындығы екі шақырымнан асатын даңғыл бойында су жаңа көпқабатты үйлер мен әкімшілік іскерлік орталық, театр және көптеген әлеуметтік нысандар орналасқан.

Беглан Қонысбаев, «ЛТД Тұрмыс» ЖШС жұмысшысы: «Елбасының есімін Астана даңғылына берді деп естідік. Дұрыс шешім. Құрметке лайық кісі. Барлық жағдайымызды жасады үлкен рахмет. Ұлыма Елбасы жайлы көп айтамын. Ол кісі халқы үшін аянбай еңбек етті».

Шымкенттіктер Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы барын мақтан тұтады
«Ел жүрегі-Нұр-Сұлтан» стелласы

Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы мен Сейдолла Бәйтереков көшесі қиылысында орнатылған «Ел жүрегі-Нұр-сұлтан» стелласы менмұндалап тұр. Қазір тамашалап келетіндердің қатары да артқан.

Жасмина Құдайқұлова, Өзбекстандық спортшысы: «Мен Навои қаласынан жарысқа келдім. Біз президент болған Нұрсұлтан Назарбаев жайлы көп білеміз. Ол кісіге  денсаулық, бақыт,  ұзақ ғұмыр тілеймін».

Шымкенттіктер Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы барын мақтан тұтадыЕске салайық, Елорданы Нұр-Сұлтанға ауыстырған билік, әр өңірдің орталық көшесін елдің тұңғыш Президентінің атымен атауға пәрмен берген болатын. Бұйрық санаулы сағаттарда орындалып, шымкенттік депутаттар дәл осы көшені таңдаған еді. Шешім қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында бір ауыздан қабылданған болатын.

Ғабидолла Әбдірахымов, Шымкент қаласының әкімі
Ғабидолла Әбдірахымов, Шымкент қаласының әкімі

Ғабидолла Әбдірахымов, Шымкент қаласының әкімі: «Мен сессияның қарауына Шымкенттегі Астана даңғылын Нұрсұлтан Назарбаев есімін беру жөнінде ұсыныс жасадым. Депутаттар бірауыздан қолдады. Даңғыл бойында қалалық әкімшілік-іскерлік орталығы, «Отырар» кітапханасы, «Түркістан» сарайы бар». Лайықты деп есептеймін».

Шымкенттіктер Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы барын мақтан тұтадыЕнді атауы жаңарған даңғылды көріктендіру мәселесі күн тәртібінен түспейтіні анық. Ал оны таза ұстау әрбір шымкенттіктің міндеті.

Шынар Оразова