Яндекс.Такси Шымкентте жаңа тарифті іске қосты

120

Бүгін Яндекс.Такси Шымкентте «Комфорт» жаңа тарифін іске қосты. Бұл тариф бойынша сапарларды жоғары санатты машиналар, мысалы күйі өте жақсы Hyundai Accent, Kia Rio және Ravon R4 орындайды.

«Комфорт» тарифі бойынша тапсырыстарға шығар алдында барлық автокөліктер тексерістен өтеді. Яндекс.Такси командасы салонның тазалығы мен сызаттардың жоқтығына көз жеткізу үшін әрбір көлікті мұқият таңдап алды.

«Комфорт» тарифі бойынша автокөлікті беру және 1 шақырым жол құны 270 теңгеден аспайды, әрі қарай — әр шақырым үшін 60 теңгеден және әр минут үшін 10 теңгеден аспайды.

Мысалы, шамамен 400 теңгеге Shymkent Plaza ССО-дан Желтоқсан көшесі, 52 мекенжайына дейін жетуге болады. Rixos Khadisha Shymkent қонақүйінен Түркістан көшесі, 122 мекенжайына дейінгі сапар шамамен 500 теңгені құрайды. Сапарды қолма-қол ақшамен немесе қолданбаға тіркелген банк картасымен төлеуге болады.

«Комфорт» Шымкентте Яндекс.Таксидің екінші қызметі атанды. Сондай-ақ қалада «Эконом» тарифі арқылы автокөлікке тапсырыс беруге болады. Бұл барынша қолжетімді тариф. Автокөлікті беру және 1 шақырым жол құны 200 теңгеден аспайды, әрі қарай — әр шақырым үшін 50 теңгеден және әр минут үшін 5 теңгеден аспайды.
Яндекс.Такси Қазақстанға 2016 жылдың шілде айында келген болатын.

Тегін қолданбаны қазақ, орыс, ағылшын және басқа тілдерде iOS және Android құрылғыларына орнатуға болады.