Түркістан облысында ауданаралық жолдардың сыйқы сын көтермейді.

Шардараға барар күре жол ойдым-ойдымЖергілікті тұрғындарының бұл пікірін өңір басшысы да жоққа шығармайды. Өмірзақ Шөкеев облыс мәслихатының сессиясында үкімет қаражаты шұрық-тесік жолдарды жамауға емес, тақтайдай тегіс жолдардың құрылысына жұмсалу қажет деді.

Шардараға барар күре жол ойдым-ойдымЖолға  шыққан жүргізушілер шалғайдағы Шардараға жетудің өзі қиямет. Өйткені жолдар ойдым-ойдым деп наразылықтарын білдіруде. Ануар Әлібеков қажеттілікпен осы күре жолмен жиі қатынауға мәжбүр. Көлігінің бірде доңғалағы жарылса, бірде қозғалтқышы кетіп әбден жүйкесі жұқарған.

Шардараға барар күре жол ойдым-ойдым
Сергей Ефремов күре жолдағы шұңқырда тұр

Сапасыз жолдан әбден шаршаған Сергей Ефремовтың жергілікті билікке өкпесі қара қазандай. «Жыл сайын төлейтін салығымыз қайда кетеді. Асфальті шашылған шұңқыр жолмен өтудің өзі біз үшін сынақ. Бұл жолмен биліктегілер  қатынамайтын сыңайлы. Күре жол көп жылдардан бері осы күйде. Үмітімізді үздік».

Шардараға барар күре жол ойдым-ойдымАуданаралық жолдардың жырын осы өлкеден сайланған облыс мәслихатының депутаты Сәду Бекенов облыс мәслихатының кезекті сессиясында көтерді: «Түркістанға жету қиындап кетті. Жол ойдым, шұңқыр. Жүк көліктер бұрын Қазығұртпен кетіп қалатын еді.Енді Ильичевкамен жүретін болыпты. Жолды жарамсыз  етіп тастаған. Айтамыз, сол күйінде қалады. Қашан қолға алынад».

Өңірді басқарғанына көп бола қоймаса да облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев ауданаралық жолдардың жағдайына қанық екенін байқатты.

Өмірзақ Шөкеев, Түркістан облысының әкімі: «Жол басқармасының бюджеті 42 млрд. Бір шақырым жолды орташа жөндеуден өткізуге 20 млн қаржы керек екен. Бір жылда бір мың шақырым жолды жөндеуге болады. Сұраймын қайда жұмсадыңдар қаражатты? Ана депутат, мына депутат сұрады деп үш, бес, екі шақырымнан жолдарды жөндеген. Ол көрінбейді ғой. Бөліп-бөліп жасаған. Неге тұтас жасамаққа. Барлық жолдар облыс орталығы Түркістанға  тіреледі. Сондықтан да әр бағытта Мактарал Шардара Сарыагаш Арыс Түркістан бағыты, Созак, Ащысай Кентау Түркістан сияқты бағыттағы жолдарды  тұтас жасау керек».

Енді ауданаралық жолдардың құрылысы өңірдің кешенді жоспарында кезең-кезеңімен енгізіліп отыр. Облыс басшысы жұмысты жүйелесек, тақтайдай теп-тегіс жолдарды салуға әбден болады дейді.

Шынар Оразова