Шымкентке Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері келді

467

Шымкентте іс сапармен жүрген Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы Болат Төкежанов бастаған жұмысшы топ жергілікті медициналық ұйымдарда болды. Ақ халаттыларды саланы дамыту үшін қолға алынып отырған жаңа өзгерістермен хабардар етті. Сондай-ақ цифровизациялық жүйенің жетістіктеріне қанығып қайтты.

Астанадан ат терелете келген министрлік өкілдері шымкенттік мамандардың «Ауруларды басқару бағдарламасын» қалай іске асырып жатқанын көзбен көрді. Бұл жүйе ең бастысы қағазбастылықтан арылтып, науқастың да дәрігердің де уақытын үнемдеуде дейді жауаптылар. Заманауи тетікті ұршықтай иіру үшін арнайы крустан өткен ақ халаттылар қазір еңбектеріне қарай жалақы алды.

Жауапты хатшы әріптестеріне денсаулық сақтау саласындағы медициналық қызмет көрсету стандарттарын егжей-тегжейлі түсіндіріп берді. Денсаулық сақтау саласына енгізіліп отырған өзгерістер тек мемлекеттік медициналық ұйымдар қызметін арттыруға ғана емес сондай-ақ жекеменшік емханалардың да жауапкершілік күшейтпек. Себебі, жаңа ережелерге сай жеке кәсіпкерлер де енді мемлекеттік сатып алуларға қатысуға мүмкіндік алады.

Министрліктің жауапты хатшысы бастаған делегеттарға «Триаж» жүйесінің жұмыс істеу тәртібі де таныстырылды. Шұғыл медициналық көмек көрсету, күндізгі станционар жұмысы көрсетілді.

Мақпал Рысбаева