Шымкентте ажырасудың алдын алатын жоба жұмыс істемек

212

Жас отбасылардың ажырасуын азайту үшін қалалық отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқарма мамандары «Бақытты отбасы» жобасы аясында жұмыс істемек.

Салаға жауаптылар жанұяны сақтап қалуға бағытталған жобаның жұмысы туралы қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазымен өткен кездесуде түсіндіріп берді. Қайраткер ханыммен өткен бас қосуда басқарма басшысы Жандос Қалтаев аталған жобаның көмегімен ажырасуға ниет білдерген 15 ерлі – зайыптыны райынан қайтарып, отбасын сақтап қалуға көмектестік дейді.

Жобаның жұмысын мақұлдаған Оразкүл Асанғазы жастармен кездесуде жанұядағы тәрбие арқылы ажырасуды алдын алуға болатындығын атап өтті.

Оразкүл Асанғазы, қоғам қайраткері: «Отан отбасынан басталады. Бала отбасында қандай тәрбие көрсе, жанұяны құрғанда солай әрекеттенеді. Сондықтан әр адам отбасын құрағанда баласының тәрбиесіне баса мән беруі тиіс».