Шымкентте жаңа мал базарының құрылысы басталды

545

Маусым айының соңында Шымкент шаһарында жаңа базар іске қосылады. 7 гектар аумақты алатын нысанда төрт түлік саудаланады. Базар аумағының басым бөлігін кәсіпкерлер автотұраққа арнамақ. Бұл Шымкенттегі үшінші мал базары болмақ.

Алғашқы базар М.Х. Дулати көшесінің бойында, қазіргі “Қазыбек” базарының орнында болған, кейін Ташкент тас жолы маңына көшірілген қазіргі мал базары. Жаңа сауда нысанының ескі базардан ерекшелігі – мұнда арнайы мал сою бекеті, ауру мал анықталған жағдайда оны оқшаулайтын орындар да қарастырылған. Жаңа базардағы үлкен мәселе инфрақұрылымның жоқтығы болып тұр дейді кәсіпкерлер .

Дәуренбек Сандыбаев. мал базарының басшысы: “Өздеріңіз білесіздер, кез – келген базардағы үлкен проблема ол автотұрақ. Ескі базарда көлік жолды кептеп тастайтын сол себепті 7 гектардың 5 гектары автотұрақ болса, екі гектарында мал сатылады”.

Нұрлан Күдерұлы