Шымкенттегі №2 мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының ашылғанына – ай толды. Төлеметов көшесінде орналасқан жаңа мекемеде қанша құжат рәсімделіп, қандай қызметтер көрсетілді? Қараша үшін қандай мамандар жұмысқа жұмылған? Бәрінен бұрын, «көлегейлі» делдалдардың жолын кесу мақсатында қандай жобалар жүзеге асып жатыр? Нәтижесі қандай? Осы және өзге де сауалдарға жауап іздеп, жаңа орталықтың қазіргі тынысымен танысып қайттық.
Жаңа орталық жұмысын жаңаша үлгіде жолға қойғаны бірден бейқалады. Келушілерді көмекші мамандар есік алдынан күтіп алады. Құжаттарды рәсімдеу де бір жүйеге келтірілген. Бұл жаңашылдық көлігін тіркеуге келген Нартай Жәнібековтің де назарынан тыс қалмады.
Сейдулла Абдуразахов, №2 мамандандырылған ХҚКО бөлім басшысының орынбасары:»Делдалдар немесе «помогайка» дегендердің жолын кесу мақсатында ауқымды жобалар жүзеге асып жатыр. Бастысы, нәтиже бар. Яғни, барлық жұмыстар заң аясында жүруде. Ал келген тұрғындар үшін тез арада қажетті құжаттарын тіркеп немесе рәсімдеуге жағдай жасалған. Күту залында көп дегенде 15 минут күтіп, барлығы 30-35 минутта қажетті құжаттарына қол жеткізуде».
№2 мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында бір айдың ішінде 7000-дай құжат рәсімделіпті. Бұл – күніне үш жүзге жуық адамға қызмет көрсетіледі деген сөз.
Мөлдір Бекеева