Түркістанда жаңа радионың тұсауы кесілді

328

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті жанынан ашылған Халықаралық ақпарат құралының аты «Ясауи ФМ». Үнжария әзірге қазақша және түрікше ақпарат таратады.

Алдағы уақытта көптеген жоспарларды жүзеге асыруды көздеп отырған ақпарат құралы таралым аясын да кеңейтпек. Ұлттық мәселелерді басты ұстын ететін бұл үнжария – болашақ журналистердің де теориясын тәжірибемен ұштастыратын ұстахана болатынына сенім мол.