«Заңсыз келуші-2019» іс-шара барысында 1000-ға жуық азамат жауапкершілікке тартылды

156

Түркістан облысы Полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері аталған жылдың 9-12 сәуір аралығында өткізілген «Заңсыз келуші-2019» жедел-профилактикалық іс-шарасының қорытындысын шығарды. Іс-шара мақсаты көші-қон саласындағы заң бұзушылықтың алдын алу және жолын кесу, сондай-ақ заңсыз көші-қонның жолдарын анықтап, басқа да көш заңдылықтарының бұзылуын анықтау.

«Заңсыз келуші-2019» жедел-профилактикалық іс-шарасының қорытындысы бойынша көші-қон заңдылығын бұзған 941 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның 812-сі шетел азаматтары болды. Соттың шешімімен 104 шетелдік азамат Қазақстан Республикасының аумағынан шығарылып, 284 шетелдіктерге елге келу мерзімі шектелді.

Түркістан облысы Полиция департаменті полицейлері жеке басын айғақтайтын құжатсыз 49 адамды қабылдап-бөлу мекемелеріне жеткізілді. Сондай-ақ, заңсыз шетелдік жұмыс күшін тартқаны және көші-қон заңын бұзғаны үшін 129 Қазақстан азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бұдан басқа, «Заңсыз келуші-2019» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында көші-қон қызметі қызметкерлері Қазақстан Республикасының аумағына заңсыз кірудің 1 деректі анықталып, Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 392 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

 

QAINAR KÓZТО ПД баспасөз қызметі