«Opel Kadett» автокөлігінің жүргізушісі 6 баланы қағып кетті

110
фото 24.kz

2019 жылғы 27 мамырында сағат 15:30 шамасында Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне қаладағы автотұрақтардың бірінде «Opel Kadett» автокөлігінің жүргізушісі кәмелет жасқа толмаған балаларды қағып кеткені туралы хабарлама келіп түскен.

Оқиға орнына жедел жеткен патрульдік полиция тобының қызметкерлері автокөлік жүргізушісінің 6 жасөспірім баланы қағып кеткенін анықтады. Жол-көлік оқиғасының нәтижесінде 1 жасөспірім қалалық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді. Қалған 5 бала жеңіл жарақат алып, үйлеріне қайтарылды.

Бірнеше сараптамалар тағайындалды. Қазіргі таңда аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 345 бабы, 2 бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

 

QAINAR KÓZШымкент қаласы ПД Баспасөз қызметі