Арыс қаласына 100 тоннадан астам гуманитарлық жүк жеткізілді

182

Түркістан облысының Шымкент қаласындағы қоймалардағы барлық гуманитарлық көмек Арыс қаласына 27 маусымнан бастап қазіргі уақытқа дейін тәулік бойына тасымалдануда.

Штаб мүшелері оларды сұрыптап, əр отбасыға ең қажетті деген азық-түліктер мен гигиеналық заттарды бөлуде. 27-ші маусымнан 28-ші маусымға қараған түні Арыс қаласына 100 тоннадан астам гуманитарлық жүк жеткізілді.

Түнде Қостанай жəне Павлодар облыстарынан келген қайырымдылық көмек көліктері Арыс қаласына тасымалдануда. Дәл қазір Қостанайдан келген 20 тонна ұн да қоймаға жеткізілді